Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада психолог маман пробация есебіндегі сотталғандарды қабылдады

Қызылордада психолог маман пробация есебіндегі сотталғандарды қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде тұратын азаматтарға әлеуметтік-құқықтық, психологиялық көмектер жүйелі жүргізіледі. Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының психологы З.Бисекова және қалалық пробация қызметінің инспектор психологы Г.Жилкаманова пробация есебіндегі 10 азаматты қабылдады.

Психолог мамандар сотталғандарды қабылдау барысында олармен қайталап қылмысқа жол бермеу, қоғамға бейімдеу тұрғысында сұхбат жүргізіп, психологиялық тест жұмыстарын алды.

– Негізі психолог маманның қабылдауында болып тұрған дұрыс деп есептеймін. Мен де маманның жеке қабылдауында болдым. Психологпен сұхбаттасу барысында өзімнің жағдайымды айтып, тығырықтан қалай шығу жолдарын сұрадым. Тиянақты жауап алдым. Осы шараны ұйымдастырған пробация қызметкерлеріне алғысым шексіз, – деді есептегі азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру