Қызылордада психологтар сотталғандармен кездесті
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде психолог маман Ақгүл Аманованың ұйымдастыруымен сотталған азаматтарға «Суицидтің алдын алу» тақырыбында іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараға «Жігер» қоғамдық бірлестігінің психологы Қарлығаш Қойшыбаева қатысты.
Психолог Қарлығаш Қойшыбаева суицидтің айықпас дерт екенін, бұл дерт қазіргі күннің өзекті мәселесі екенін айтып, суицид жағдайын болдырмау және оның алдын алу да қазіргі уақытта ең маңызды тақырыптардың бірі екенін тілге тиек етті.
Шара барысында қатысушылардың тарапынан сұрақтар қойылып, психолог маман жауап берді. Алдағы уақытта да мұндай іс-шаралар ұйымдастырылады.