Қызылордада "Қақпа алдындағы кездесу" жобасы аясында іс-шара ұйымдастырылды
Қызылордада "Қақпа алдындағы кездесу" жобасы аясында іс-шара ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінен жазасын өтеу мерзімі аяқталған бір сотталған азамат бостандыққа шықты. "Қақпа алдында кездесу" әлеуметтік жобасы аясында аталған азаматтың қоғамға қайта бейімделуіне арналған арнайы іс-шара ұйымдастырылды.
Бұл іс-шараның басты мақсаты – бостандыққа шыққан азаматтардың қайта қылмыс жасауына жол бермеу, олардың қоғамда лайықты орнын тауып, қалыпты өмірге оралуына ықпал ету.
Іс-шараға пробация қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және әлеуметтік қызметкерлер қатысты. Олар сотталған азаматқа құқықтық, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету бойынша кеңестер беріп, оның алдағы өмірге бейімделуіне қолдау көрсетті.
Мамандар азаматқа жұмысқа орналасу, тұрғылықты жерге тіркелу және құжаттарын қалпына келтіру сияқты маңызды мәселелер бойынша жан-жақты ақпарат берді.