Қызылордада қаруды сақтау ережелерін бұзған 13 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Қызылордада қаруды сақтау ережелерін бұзған 13 азаматқа қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі таңда Қызылорда облысының аумағында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Шараның екі күнінде 1527 қару иесі тексеріліп, 35 құқық бұзушылық анықталды.
Заңсыз айналымнан тоғыз дана қару тәркіленді.
Қаруды сақтау, тасымалдау, тіркеу ережелерін бұзған 13 азаматқа қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.
«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы ақпан айының 6-сына дейін жалғасады.