Қызылордада қазақ музыкалық драма театры ҚАЖД қызметкерлерінің балаларына сахналық қойылым ұсынды
Қызылордада Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры ҚАЖД қызметкерлерінің балаларына сахналық қойылым ұсынды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің балаларына ерекше сый жасалды. Олар Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында әлемге әйгілі ертегі желісімен сахналанған "Ұсқынсыз үйрек" спектаклін тамашалады.
Балалықтың шаттығы мен қуанышына толы бұл күннің басты мақсаты – балаларға мейірім мен жылулық сыйлап, олардың жан дүниесін байыту болды. Театр ұжымы кішкентай көрермендерге терең тәрбиелік мәнге ие, ізгілік пен адамгершілікке үндейтін әсерлі қойылым ұсынды. Балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге қуанып, бірге тебіреніп, театрдың сиқырлы әлеміне ерекше саяхат жасады.
Көрермен залын шат күлкі мен шынайы сезімге толтырған қойылым балалардың жүрегінде ұмытылмас естеліктер қалдырды. Мұндай шаралар балалардың дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, отбасылық құндылықтарды бекемдеп, ата-ана мен бала арасындағы жылы қарым-қатынасты нығайтуға септігін тигізеді.
Бұл күн ҚАЖД қызметкерлері үшін де, олардың балалары үшін де рухани демалыс пен қуанышқа толы мерекеге айналды.