Қызылордада ҚАЖ департаменті мамандарды қызметке қабылдауда жүйелі жұмыстар жүргізуде
Қызылордада ҚАЖ департаменті мамандарды қызметке қабылдауда жүйелі жұмыстар жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Кадр саясаты тобы департаментіне қарасты мекемелерге кіші және қатардағы басшы құрам қызметкерлерінің бос орындарын толықтыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.
ҚАЖ департаментінің кадр саясаты тобының бас маманы Ақерке Абжалиеваның айтуынша, Құқық қорғау қызметіне тұруға алғаш тілек білдірген үміткер ҚР мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден өз өтінішінде көрсетілген құқық қорғау қызметі лауазымының санаты бойынша өтеді. Тестілеуден сәтті өткен үміткерге қызметке жарамдылығын айқындау үшін Ішкі істер министрлігінің әскери-дәрігерлік комиссиясынан, медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өтуге, сондай-ақ дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыруға жолдама беріледі. Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді ҚР ІІМ-нің 2016 жылғы 31 тамыздағы №870 бұйрығының талаптарына сәйкес тапсырады.
– Жыл басынан бос орындарға екі рет іріктеу конкурсы жүргізіліп (мамыр, қыркүйек), барлығы 29 үміткер қатысып, 26 тағылымдамашы ҚАЖ мекемелеріне қызметке қабылданды. Келесі үміткерлерді іріктеу байқауы бекітілген жоспарға сәйкес, 2022 жылдың қаңтар айында өткізілуі жоспарлануда, – дейді бас маман.