Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері балаларға тәттілер таратты

Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері балаларға тәттілер таратты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері балаларға қуаныш сыйлады.

Погондағы қызметкерлер облыстағы "Атамекен" отбасы үлгісіндегі балалар ауылына барып, балаларды қуантты. Қуаныштан жүздері бал-бұл жанған бүлдіршіндерге тәттілер таратты. Бұл үйде қиын өмірлік жағдайға тап болған, ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады.

- Бүгінгі мереке бәрімізге ортақ, себебі бала қуанса, бәріміз қуанамыз. Балалар аман болсын, денсаулығы мықты болсын! Балалардың жолы ашық болып, ойлаған армандарына жетсін, -  деп тілек білдірді мекеме бастығының орынбасары А. Мамбетов.

Мереке сайын балаларды қуантуға асығатын ҚАЖ қызметкерлеріне "Атамекен" отбасы үлгісіндегі балалар ауылының басшылығы алғысын айтып, қызметтеріне табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру