Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері қарттар үйіне барды
Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері қарттар үйіне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Қылмыстық-атқару саласына қарасты Қызылорда қаласындағы №68 мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесіне концерттік нөмір дайындап, қам көңіл жандардың көңілін аулап қайтты.
Мекеменің кадр саясат тобының ұйымдастыруымен болған бұл іс-шараның мақсаты – жас қызметкерлерді адамгершілік қасиеттерге, мейірімділікке баулу, патриоттық тәрбие беру, сондай-ақ имидждік сипатты арттыру.
Қарттар әуезді әндерін ықыласпен тыңдады. Тіптен, өздері де қосылып ән шырқап, би биледі. Жеке құрамды бастап барған кадр саясаты тобының кәсіби қызметтік дене шынықтыру жөніндегі инспекторы М.Тұрымбетов өткізілген іс-шара жөнінде төмендегінше баяндап берді.
– Жастар аға буынмен тез тіл табысып кетті. Өздерін таныстырып, қарттардың өткенінен қызықты әңгімелерді тыңдады. Сондай-ақ пансионат бөлмелері мен зейнеткерлердің демалыс орындарын аралады. Естелік ретінде апарған сыйлығымызды мекеменің директордың әлеуметтік істері жөніндегі орынбасары Азиз Аққалиевке тапсырдық. Қарттар үйінің атмосферасы жастардың жүрегін елжіретті, – М.Тұрымбетов.