Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері психологиялық тренингке қатысты
Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері психологиялық тренингке қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде жеке құрам қызметкерлері арасында мекеме психологымен тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар өткізіліп тұрады.
Мекеменің кадр саясаты тобының қызметкерлері жеке құрам қызметкерлерінің отбасы тұрмысы жағдайымен, олардың материалдық жағдайларымен танысып, профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
Мекеме психологы Замира Бостанова жеке құрам алдында дәріс оқып, тренинг-әңгіме жүргізді. Бұл тренингтің басты мақсаты – қызметкерлер бір-бірін бағалай білуге, жағымды қарым-қатынас орнатуға және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталды. Тренинг барысында психолог Замира Бостанова қызметкерлердің кәсіби-психологиялық даярлығы және жеке құрамның кәсіби қызметін психологиялық қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізіп, жан-жақты кеңестер берді.
– Тренинг барысында қызметкерлер өздерінің жақсы қасиеттерін тани білді. Бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнатып, терең танысып, бір-біріне қолдау көрсетті. Қызметкерлер тренинг соңында өздерін жеңіл сезініп, көтеріңкі көңіл күймен ұйымдастырушылыққа, қарамағындағылармен өзіне сенім білдірген адамдарға жауапкершілікпен қарап, ұжымда өзара бірігіп жұмыс жасай білуді үйренді. Алдағы уақытта осындай тренингтер жиі өткізілетін болады, – деді Замира Бостанова.