Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері Ұлы Отан соғысы ардагерімен кездесті
Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері Ұлы Отан соғысы ардагерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінің қызметкерлері Тыл ардагері Айқын Қожағұлованың тұрмыс-тіршілігін көріп, мерекесімен құттықтап шықты.Соғыс басталғанда небәрі жеті жастағы Айқын Қожағұлова етігімен су кешіп, масақ терген.
– Ол кезде 7-8 жастағы балалар толыққанды жұмысшы адамдар болып саналатын. Бізде балалық шақ деген дәурен болмаған. Мектептің 4-7 сыныбындағы балалардың бәрін егінге апаратын. Бір кесе бидай үшін сотталып кететін, – деді тыл ардагері.
Жұбайымен сегіз бала өсіріп, олардан тараған немере, шөбере қызығын көріп отырған кейуана қазіргі бейбіт заманға шүкіршілік етеді. Қазір немере-шөберелерінің ортасында отырған қария оларға үнемі төзімділік пен еңбекқорлық жайлы жиі айтады.
87 жастағы ардагеріміз полиция қызметкерлеріне елеп-ескергені үшін алғысын айтты.