Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері жалғыз басты әкенің балаларына мектеп құралдарын табыстады

Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері жалғыз басты әкенің балаларына мектеп құралдарын табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Республика көлемінде өткізіп жатқан «Мектепке жол» дәстүрлі қайырымдылық науқанына Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/5 мекемесінің ұжымы да өз үлестерін қосты.

Аталған акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мектепке дайындығына көмек көрсету.

ЗК-169/5 мекемесінің қызметкерлері үш баласы бар жалғыз басты әкенің үйіне барып, балаларына жаңа оқу жылына мектепке қажетті құралдар мен тәттілер алып барды. Мектеп жасындағы үш бала үшем – 8 сыныпта оқиды, анасы қайтыс болған. Балалардың әкесі балаларыма мектеп сөмкесін алып бере алмай отыр едім деп қуанып, мекеме ұжымына ризашылығын білдіріп, еңбектеріне сәттілік тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру