Қызылордада ҚАЖ қызметкерлерінің оқ ату дағдылары жетілдірілді
Қызылордада ҚАЖ қызметкерлерінің оқ ату дағдылары жетілдірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz
Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің № 68 мемлекеттік мекемесінде 13-14 қыркүйек күндері аралығында жеке құрамының оқ ату дағдыларын жетілдіру мақсатында оқу жаттығу жұмыстару жүргізілді.
Атыс жаттығу іс-шарасы Қызылорда қаласындағы ІІМ ПД Қызылорда ату орталығында өткізілді. Оқу-жаттығу жұмысын учаскелік жетекшісі ретінде мекеменің кадр саясат тобының қызметтік дайындық жөніндегі аға инспекторы Мирамбек Тұрымбетов ұйымдастырды.
Жаттығу алдында қызметкерлерге атудан нұсқаулық жүргізіліп, кейін іс жүзінде орындалды.
– Іс-шара барысында жеке құрам қызметкерлері өздерінің кәсіби деңгейлерін әрі қарай жетілдірді. Яғни, олар атыс қаруын қолдану, Калашников автоматымен (АК- 74) ату, нысаналарға дәл тигізе білуге іс-жүзінде жаттықты. Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша қызметкерлердің жауынгерлік даярлығының жалпы көрсеткіштері жақсы болды. Жеке құрам қаруды шебер әрі тиімді қолдана білді. Нысанаға дәл тигізу бойынша да өздерінің мергендігін дәлелдей алды, – деп атап өтті ұйымдастырушы М.Тұрымбетов.