Қызылордада ҚАЖД мекемесінде сотталған азаматтың жарына психологиялық көмек берілді
Қызылордада ҚАЖД мекемесінің психологы сотталған азаматтың әйеліне психологиялық көмек берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінің психолог маманы Ақгүл Аманова сотталғанның әйеліне психологиялық көмек көрсетті. Сотталған Е.есімді азамат жол-көлік оқиғасын жасап, сот үкімімен 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған. Жуырда мекемеге жазасын өтеуге жіберілген азаматқа психологиялық көмек уақытылы көрсетіледі.
Жазасын өтеп жатқан азаматтың әйелі мекемеге жолдасымен қысқа мерзімді кездесуге келген. Психолог маманмен сөйлескен сотталғанның әйелі балалары әкесін қайта-қайта сұрағанда ұзақ уақытқа жұмысқа кетті деп жұбататынын айтқан.
– Сол күні ішімдік ішкен жолдасым көршінің ауласын көлігімен соғып, біраз зақым келтірген. Осы жағдайдың бәрі сол ішімдіктің кесірі. Енді міне, темір торда отыр. Балаларым әкесін сағынады, іздейді. Телефонмен күнде сөйлесіп тұрамыз. Бүгін қысқа мерзімді кездесуге келіп, жағдайын білдім. Өзіме де психологтың көмегі қажет еді. Маманмен сөйлесіп мұңымды айтып, бір жеңілдеп қалдым. Мекеме психологы Ақгүл ханымға алғысым шексіз, – деді сотталғаннның әйелі.