Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ҚАЖД қызметкерлері азаматтардың өтініштерін қабылдау бойынша дәріске қатысты

Мемлекет басшысының және Президент Әкімшілігінің тапсырмасын орындау шеңберінде "е-Өтініш" және "Нәтиже" жобаларын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алға қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлері  Мейірбек Пірімжанов пен Майра Бихожаева "ZOOM" бағдарламасы арқылы дәріс өткізді. Дәрістің мақсаты – "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, олармен жұмыс істеу бойынша ақпараттық орта қалыптастыру болып табылады.

Дәріске ҚАЖД, ЗК-169/1, ЗК-169/4, ЗК-169/5 мекемелері, "Еңбек- Қызылорда" РМК филиалының және қалалық пробация қызметі мен аудандық пробация қызметтерінің жауапты қызметкерлері қатысты.  

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру