Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ҚАЖД қызметкерлері бүлдіршіндермен бірге әнұранды орындады

Қызылордада ҚАЖД қызметкерлері бүлдіршіндермен бірге әнұранды орындады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында бүлдіршіндерге патриоттық тәрбие беру мақсатында ерекше шара ұйымдастырды. Іс-шара барысында ҚАЖД қызметкерлері балабақша тәрбиеленушілерімен бірге әнұранды орындап, жас буынға отансүйгіштік пен патриоттықтың жарқын үлгісін көрсетті.

Балалар мемлекеттік әнұранды зор ынтамен, мақтаныш сезіммен орындап, қызметкерлермен бірге қолдарын жүрек тұсына қойып, бірлік пен елге деген сүйіспеншілікті паш етті. Мұндай бірлескен патриоттық сәттер кішкентайлардың жүрегінде елге деген ерекше құрмет пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға сеп болады.

Іс-шара барысында бүлдіршіндерге мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы туралы танымдық сұрақтар қойылып, белсенділік танытқандарға шағын сыйлықтар табысталды. Бұл балалардың мемлекеттік нышандарға деген қызығушылығын арттырып, олардың бойына патриоттық тәрбие берудің тиімді тәсілдерінің біріне айналды.

ҚАЖ департаментінің қызметкерлері бұл игі бастаманы дәстүрге айналдыруды жоспарлап отыр. Олардың айтуынша, ел болашағы саналатын жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті ерте жастан қалыптастыру – қоғамның тұрақтылығы мен елдің жарқын келешегі үшін маңызды міндет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру