Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ҚАЖД қызметкерлері ерекше балаларға жаңа жылдық қуаныш сыйлады

Қызылордада ҚАЖД қызметкерлері ерекше балаларға жаңа жылдық қуаныш сыйлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа жыл қарсаңында әрбір баланың жүрегі ерекше сыйлық пен қуаныш күтетіні анық. Осы бір игі дәстүрді берік ұстанған Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы мен қызметкерлері Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының кішкентай тәрбиеленушілеріне мейірім шуағын шашты.

Шара барысында департамент бастығы, әділет полковнигі Шаймерден Тәжіқұлұлы бүлдіршіндерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, өз лебізін білдірді.

– Қазақта «Бала – көңілдің гүлі, көздің нұры» деген дана сөз бар. Балалар – біздің болашағымыз, олардың жарқын әрі бақытты өмір сүруі үшін әрқайсымыз жауаптымыз. Біз бүгін олардың жан дүниесін жылытып, шынайы қамқорлық пен мейірімге бөлеу үшін келдік. Бүлдіршіндердің жүзіндегі шаттықты көру – жүрегімізге үлкен қуаныш сыйлайды, – деді ол.

Қызметкерлер балаларға арнайы дайындалған жаңа жылдық сыйлықтар мен тәттілер үлестіріп, олардың мерекелік көңіл-күйін одан әрі жандандыра түсті. Бүлдіршіндер ҚАЖ департаменті қызметкерлерінің ерекше ықыласын сезініп, жылы шыраймен қабылдады.

Өз кезегінде орталық директоры Ерлан Сәулебекұлы департамент ұжымына ризашылығын білдірді.

– Сіздердің бүгінгі жылы лебіздеріңіз бен жасаған қамқорлықтарыңыз балалардың жүрегіне қуаныш ұялатты. Олардың көзіндегі қуаныш пен шынайы күлкі сіздердің ізгі ниеттеріңіздің көрінісі. Біз сіздермен әрдайым ынтымақтастықта жұмыс істейміз деп сенемін, – деді.

Шара әр балаға сыйлықпен ғана емес, шынайы қуаныш пен жылылық сыйлаған сәтке айналды. Мереке қарсаңында бүлдіршіндердің шаттығы мен жүздеріндегі күлкі – нағыз мейірімділік пен қамқорлықтың белгісі екені сөзсіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру