Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ҚАЖД қызметкерлері “Мектепке жол” акциясы аясында көпбалалы отбасыларға көмек көрсетті

Қызылорда облысында ҚАЖД қызметкерлері дәстүрлі түрде өткізілетін “Мектепке жол” қайырымдылық акциясын ұйымдастырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл шараның басты мақсаты – әлеуметтік тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың балаларын жаңа оқу жылына дайындауға қолдау көрсету.

Акция аясында департамент қызметкерлері мұқтаж отбасыларға мектеп сөмкелері мен кеңсе тауарларын сыйға тартты. Республикалық деңгейде 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтетін бұл игі бастама жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға демеушілік көмек көрсетуді көздейді. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері осы дәстүрді жыл сайын жалғастырып келеді.

– Мұндай акциялар балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, оларға қамқорлық таныту – біздің азаматтық борышымыз. Осындай игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады, – деді Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД тәрбие және кадр жұмысы тобының бас маманы Әлішер Беркінбеков.

Көмек алған көпбалалы аналар ҚАЖД қызметкерлеріне шынайы алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру