Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ҚАЖД қызметкерлері Республика күнін салтанатты түрде атап өтті

Қызылордада ҚАЖД қызметкерлері Республика күнін салтанатты түрде атап өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қазан – Республика күніне орай Қызылорда қаласындағы Жастар ресурстық орталығында қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің салтанатты жиыны өтті. Шараға департамент басшылығы, жеке құрам қызметкерлері және ардагерлер қатысты.

Салтанатты жиынды департамент бастығының міндетін атқарушы Жәнібек Зиябеков ашып, қатысушыларды ұлттық мерекемен құттықтады.

– Республика күні – еліміздің тарихындағы ерекше маңызды белестердің бірі. Бұл күн – халқымыздың мемлекет ретінде қалыптасуына жол ашқан, тәуелсіздікке бастау болған Егемендік туралы декларация қабылданған күн. Бүгінгі таңда біз әділетті, дамыған әрі қауіпсіз Қазақстанды құру жолында бірлесе еңбек етіп келеміз. Ел тыныштығын, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы еңбектеріңіз – ел болашағына қосылған зор үлес. Баршаңызды ел бірлігі мен мемлекеттіліктің нышанына айналған Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әр шаңыраққа амандық, еңбектеріңізге табыс және қызметтеріңізге абырой тілеймін, – деді өз сөзінде Жәнібек Зиябеков.

Шара барысында ҚАЖД ардагерлер кеңесінің төрағасы Талғат Шәкіұлы әріптестерін мерекемен құттықтап, салада ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған ардагерлердің еңбегін ерекше атап өтті. Сонымен қатар ҚАЖД жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар ардагерлерге құрмет марапаттары табыс етілді.

Мерекелік жиында ҚАЖД саласының дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлер де назардан тыс қалмады. Мерзімінен бұрын полковник шеніне әділет подполковниктері Мақсұт Өтегенұлы мен Бақыт Әбибуллаұлы лайық деп танылды.

Сондай-ақ департамент бастығының міндетін атқарушының бұйрығымен 43 қызметкер қызметтік міндетін адал атқарғаны және жоғары кәсіби шеберлік танытқаны үшін Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру