Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ҚАЖД қызметкерлері ұлы ақын Абай Құнанбаевты ұлықтады

Қызылордада ҚАЖД қызметкерлері ұлы ақын Абай Құнанбаевты ұлықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылордада А.Пушкин атындағы кітапханада “Ұлттың ұлы жаршысы” тақырыбында әдеби оқу кеші өтті.

Шараны Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті мен А.Пушкин атындағы кітапхана бірлесіп ұйымдастырды.

Кешті кітапхана қызметкері ашып, қазақтың біртуар ақыны, ойшыл, ғұлама Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына тоқталып, ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы мазмұнды ақпарат берді.

Одан кейін мекеме қызметкерлері Абайдың өлеңдерін жатқа оқып, ақынның сөзіне жазылған әндерін орындады. Шара көрермендерге рухани әсер сыйлап, ұлы ақын мұрасын тереңірек тануға мүмкіндік берді.

‎– Абай Құнанбаевтың шығармалары – ұлттың рухани қазынасы. Оның әр өлеңі мен қара сөзі – адамдық жолға, адалдық пен білімге үндейді. Осындай әдеби кештер біздің рухани көкжиегімізді кеңейтіп қана қоймай, Отанға қызмет ететін азаматтар ретінде бойымызға ізгі қасиеттерді дарытады, – деді ҚАЖД қызметкері Ақниет Нұрылдаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру