Қызылордада ҚАЖД қызметкерлеріне заңдылық пен тәртіпті сақтау талаптары түсіндірілді
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде мекеме бастығы Абай Битаевтың төрағалығымен жеке құраммен жиын өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Кездесу барысында мекеме бастығы қызметкерлерге заңдылықты қатаң сақтау, кез келген құқық бұзушылыққа жол бермеу және арнайы контингентпен тек заң аясында, белгіленген тәртіпке сай жұмыс істеу қажеттігін ерекше атап өтті. Ол қызметтік тәртіпті сақтау – әрбір қызметкердің басты міндеті екенін және бұл талаптың мекемеде тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.
Жиында сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі талқыланды. Абай Битаев жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастырудың маңызын түсіндіріп, әр қызметкердің бұл жауапкершілікті толық сезінуі қажеттігін атап өтті.
— Қызметтік тәртіпті сақтау – әрбір қызметкердің басты міндеті. Күнделікті қызмет барысында біз заңдылық пен тәртіпті әрдайым бірінші орынға қоюымыз керек, — деді мекеме бастығы.