Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада қоғамдық орындарды ластаған 2,2 мың азамат анықталды

Қызылордада қоғамдық орындарды ластаған 2,2 мың азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласы полиция басқармасының тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда, көшелерде жасалатын қылмыстың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде өткізеді. Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы және жергілікті полиция қызметкерлері жыл басынан бері ортақ пайдаланылатын орындарды ластау дерегі бойынша 2197 тұрғынды анықтап, әкімішілік жауапкершілікке тартты. ​

Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтҚ-нің 434-2 бабының 1-бөлігімен (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Қызылорда полицейлері жалпы пайдалану орындарын, саябақтарды ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару айыппұл салуға әкеп соғатынын еске салды. Қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретін әрекетке жол беруге болмайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру