Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада қоғамдық орындарды ластаған 3 мыңнан астам тұрғын жауапқа тартылды

Қызылордада жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластаған 3 мыңнан астам тұрғын жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс әкімінің бастамасымен аймақты абаттандыру және көркейту бағытында қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Дегенмен, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау деректері жиі тіркелуде.

Статистика көрсеткендей, жыл басынан облыста қоғамдық орындарды ластағаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 434-2-бабы бойынша 3086 адам жауапқа тартылды. Олардың 179-ы бір жыл ішінде қайталап құқық бұзушылық жасаған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру