Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада құқық қорғау органдарының басшылары “CyberPol” жұмысымен танысты

Қызылордада құқық қорғау органдарының басшылары “CyberPol” жедел тергеу тобының жұмысымен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Киберқылмыспен күрес — құқық қорғау органдары үшін күн тәртібінен түспейтін жұмыс бағыттарының бірі. Қызылордалық полицейлер алаяқтықтың алдын алу мақсатында тұрақты негізде ескерту жұмыстарын жүргізеді. Оның ішінде “CyberPol” жедел тергеу тобы, кибералаяқтық қылмысын ашу бағытында қызмет етуде.

Мұнда киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің тергеу әрекеттерін жүргізу, жедел-криминалистикалық, ғаламтор желісінде мониторинг жүргізу және жедел-тергеу топтары алаяқтықпен күрес жолында қызмет етеді. Бұл жедел топтың ерекшелігі – «бір терезе» қағидатымен жұмыс істейді. Кибер¬қылмыстар бойынша тергеу мерзімі 20-30 күннен 3-4 күнге дейін қысқарды. Сондай-ақ бұл жобаға отандық IT-компаниялар да өз үлестерін қосып жатыр, олар алынған техниканы зерттеуге, сондай-ақ цифрлық дәлелдемелерді іздеуге және өңдеуге көмектеседі.

Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Махсудхан Аблазимов облыс прокуроры Ризабек Ожаровпен бірге “CyberPol” тергеу тобының жұмысымен танысты. Бірлескен бұйрыққа қол қойылды.

Кездесуде интернет-алаяқтықты тергеудің жаңа әдістері мен тәсілдері көрсетілді. Жұмыс тобының жетекшілері тәжірибеде кездесетін проблемалық мәселелердің оңтайлы шешу жолдарын ұсынды.

Айта кетерлігі, Қызылорда облысы полиция департаментінің “CyberPol” тобы қызметкерлері жүргізген жүйелі іс-шаралардың нәтижесінде 15 қылмыскер құрықталып, олардың 28 интернет-алаяқтыққа қатысы бар екені дәлелденді.

Топ құрамында алты жедел уәкіл, төрт тергеуші, бір криминалист және екі ІТ-маман жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру