Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қоғамға қайта оралуға берілген мүмкіндік

Қызылордада рақымшылық аясында сотталғандар бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Рақымшылық – қоғамға қайта оралуға берілген үлкен мүмкіндік.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай рақымшылық жасалуда. Соның нәтижесінде бүгін 37 мекемеден 4 сотталған бостандыққа шықты.

Бостандыққа шыққан азаматтарға мекеме қызметкерлері құқықтық кеңес беріп, алдағы уақытта қайда жүгіну керектігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл қадам олардың қоғамға бейімделуіне, жаңа өмірге сенімді қадам басуына қолдау болмақ.

Сотталғандардың біріөзінің өткен қателігі үшін өкінішін білдірді:

– Ұрлық жасағаныма қатты өкінемін. Бір сәттік қателігім бүкіл өміріме әсер етті. Қателігімді түсіндім. Ең бастысы – отбасым мені қолдаудан бас тартпады. Сол арқылы жалғыз еместігімді сезіндім. Енді қателікке жол бермеймін. Мекеме қызметкерлері бостандыққа шыққан соң қандай мекемелерге жүгіну керектігін түсіндіріп берді, – деді ол.

Бұл рақымшылық – тек қана бостандыққа шығу емес, сондай-ақ түзелуге, жаңа өмір бастауға берілген үлкен мүмкіндік. Қоғамның қолдауы мен мемлекеттік органдардың көмегі арқылы мұндай азаматтар өмірін дұрыс арнаға бұрып, толыққанды өмір сүруіне жол ашады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру