Қызылордада рұқсат етілмеген орындарда сауда жасаған 110 азамат жауапқа тартылды
Қызылордада рұқсат етілмеген орындарда сауда жасаған 110 азамат жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қала көлемінде ірі сауда орталықтарымен базар маңында кәсіпкерлердің белгіленбеген жерде заңсыз сауда саттық жасап отырғандығы баршамызға мәлім. Тұрғындар тарапынан наразылық туындап, бірнеше мәрте әлеуметтік желілерге жарияланған болатын.
Осы тұрғыда, Қызылорда қаласы полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары рейдтік іс-шара кешенін ұйымдастырып, кәсіп иелерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мәселен, жыл басынан бері белгіленбеген орындарда сауда-саттық жүргізген 110 азамат анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабымен (Белгiленбеген орындарда сауда жасау) әкімшілік хаттама толтырылды.
Өз кезегінде полицейлер қала аумағында ретсіз сауда жасаушыларға әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңнамасының негізгі баптарын түсіндіріп, қала аумағындағы базарлар мен белгіленген орындарда ғана сауда жасау керектегін ескертеді.
Айта кетейік, бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар күнделікті өткізіліп жатыр.