Қызылордада сотталған әйел экс-күйеуімен заңды некеге тұрды
Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын өтеуші әйел өзінің бұрын некеде болған жұбайымен қайта заңды некеге тұрды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нақтырақ айтар болсақ, сотталған әйел тергеу изоляторында ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша 3 жылға бас бостандығынан айырылған. Қазіргі таңда өзінің бұрын некеде болған жұбайымен қайта некесін заңдастыру мақсатында мекеменің заңгер маманының көмегіне жүгініп, АХАТ бөлімінің маманы арнайы келіп, неке куәлігін табыстады.
– Қателікпен шалыс басып, екіге айырылдық. Енді міне, бізді тағдыр қайта тоғыстырып, өз некемізді заңдастырып жатырмыз. Бұл үшін қуаныштымыз. Сонымен қатар мекеме басшылығына, мекеме заңгеріне және АХАТ бөлімінің маманына өз алғысымызды білдіреміз, – деді сотталған.