Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада сотталған азаматтың жазасы бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылды

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №68 мемлекеттік мекемесінде жазасын өтейтін С. есімді азаматтың жазасы бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылып, мерзімінен бұрын босатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

58 жастағы ер адам ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын. Енді оның жазасы ҚР ҚК-нің 73-бабына сәйкес, сот шешімімен шартты түрге алмастырылып, еркіндікке шықты.

– Сотталғандардың ертерек еркін өмірге қосылуына олардың түзеу мекемесіндегі тәртібі айрықша әсер етеді. ҚР ҚК-нің 73-бабы 1-бөлігіне сай онша ауыр емес, ауырлығы орташа немесе ауыр қылмыс үшiн бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамға, ол қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген не жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзбаған жағдайда, сот жазаның қалған өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруы мүмкін. Осы негізбен сотталған С. жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы өтініш хаты қанағаттандырылды. Жазасының өтелмеген бөлігі (1 жыл 7 ай ), жазаның қосымша түрін өтеуден босатусыз, жазаның неғұрлым жеңіл түрі бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылды. Өйткені бұл азамат жазасын өтеу барысында белгіленген ішкі күн тәртібі ережелерін және режим талаптарын бұзбаған, – деді мекеменің арнайы контигент арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы бойынша бөлімінің жасақ бастығы Н.Абдраманов.

Жазасын өтеушіні мекеме қақпасынан туыстары күтіп алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру