Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада сотталған Жамбыл Жабаевтың суретін салып, кітапханаға тарту етті

Қызылордада сотталған Жамбыл Жабаевтың суретін салып, кітапханаға тарту етті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақтың ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында “Өнер сөздің дүлдүлі" атты жыр кеші ұйымдастырылды.

​Іс-шараға Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі, ақын О.Қосанов, Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Шынтасова және №37 мекемесінің жазасын өтеушілері қатысты.

​Осы іс-шарада жазасын өтеушілер ақынның өлеңдерін айтты. Ержан есімді сотталған қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың портретін салып кітапханаға табыстады.

Талантты қылқалам шебері жол - көлік оқиғасымен сотты болған.

- Өзімнің мамандығым суретші болғандықтан сурет салу маған аса бір қиындық тудырмайды. Қайта сурет салған сайын менің қиялыма қанат бітіріп, жаныма қуат беретін. Сурет салу адамды ауыр ойлардан, уайымнан арылтады. Осыған дейін қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың портретін салғанмын, бүгін кітапханаға дүлдүл ақын, жыршы Жамбыл атамыздың да суретін салып табыстадым. Осы шараға алып келген мекеме әкімшілігіне алғысым шексіз,- дейді сотталған азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру