Қызылордада сотталғандар балаларына жаңа жылдық сыйлықтар дайындады
ЗК-169/5 мекемесінің сотталғандары балаларына жаңа жылдық сыйлықтар дайындады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ғ.есімді сотталған қызына өз қолымен жасаған ас үй жабдығын тарту етпек.
– Қыз балаға қандай сыйлық ұсынсаң да, балаша қуанатын нәзік жаратылыс иесі ғой. Сондықтан менде қызыма осы бұйымды арнайы жасадым. Оның қуанышы мендегі қиындықты жеңілдетеді, – дейді сотталған.
Ал сотталған С. болса оқушы ұлына домбыра жасапты.
– Ұлым домбыра үйірмесіне қатысатын. Кішкене күнінен ұлттық аспапқа ерекше қызығатын болған соң, жаңа жылына соны сыйға тартқым келді. Бұл жер маған жақыныңды бағалауға үйретіп жатыр. Бала қуанса, ата-ананың жігері тасиды. Сол үшін бала көңілі ортаймаса екен, – дейді ол.