Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада сотталғандар «Пейіш. Жұмақ ананың табанының астында» фильмін тамашалады

Қызылордада сотталғандар «Пейіш. Жұмақ ананың табанының астында» фильмін тамашалады, –   деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде тәбие бөлімінің ұйымдастыруымен маңызды шара өтті. Мекемедегі жазасын өтеушілерге «Пейіш.Жұмақ ананың табанының астында» фильмі көрсетілді.

Туындыны қырғызстандық режиссер Руслан Акун түсірген. Бұл фильм ана мен баланың Меккеге сапары жайында. Фильмнің басты кейіпкерлері – Әділ мен анасы Райхан апа. Оқиға анасын Меккеге апарып, бесінші парызын орындау әрекетінен басталады. Туындыны жазасын өтеушілер аса қызығушылықпен тамашалады.

– Бұл фильм тек бір сәттік демалыс емес, рухани азық болды. Шарадан алған әсерімізді сөзбен жеткізу мүмкін емес, кинода адами құндылықтар дәріптелген. Ананың ұлына деген махаббаты шексіз екенін және ана мен бала арасындағы байланысты ерекше суреттеген. Киноны тамашалап отырып, анам есіме түсіп, көңілім босады. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз деді, – сотталған азамат.

– Мұндай фильмдер сотталған азаматтардың жүрегіне үміт, кешірім мен мейірімділік сезімдерін ұялатады, әрі өмірге деген көзқарасын өзгертуге көмектеседі. Жазасын өтеушілермен мәдени-спорттық шараларды жиі өткіземіз. Біздің мақсатымыз – олардың қоғамға қайта бейімделуіне, рухани дамуына және оң көзқарастарын қалыптастыруға көмек көрсету, – деді тәрбие бөлімінің бастығы Бауыржан Сәметов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру