Қызылордада сотталғандарға сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында жиналыс өтті
Қызылорда облыстық ҚАЖД-ға қарасты №60 мекеменің мәжіліс залында жазасын өтеуші азаматтарға сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында жиналыс өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жиналысқа №3 қалалық емхананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Жаннат Қожарипова, ҚАЖ департаметі бастығының орынбасары Жүніс Әбдіқайыров, №60 мекеме бастығы Мақсұт Өтетлеуов, мекемеде қызмет атқаратын медицина мамандары қатысты.
- Біздің мақсатымыз – сотталғандардың денсаулық жағдайын, олардың жай-күйін бақылап, сапалы медициналық көмек көрсетіп, түзелу жолына түскен жазасын өтеуші азаматтардың біздің қоғамымызға оралуына жағдай жасау, - деді Жаннат Қожарипова.
Жиналыс барысында ҚАЖД №60 мекемесінің бастығы сотталғандардың денсаулық жағдайына шолу жасап, алдағы уақытта жұмыс сапасын арттыру жайлы сөз қозғады.
- ҚАЖД №60 мекемесімен тығыз байланыста қызмет етіп келе жатқан Қызылорда қалалық №3 емханасының дәрігерлеріне алғыс айтамыз. Сотталғандардың денсаулығына қажеттілікті мекеме тарапынан талап ету - жазасын өтеуші азаматтардың ажырамас құқығы болғандықтан, мекемедегі медицина қызметкерлері жазасын өтеуші азаматтардың денсаулық жағдайын басты назарда ұстап, барлық медициналық шараларын жасауда, - Мақсұт Өтетлеуов.
Жиын соңында ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Жүніс Әбдіқайыров №60 мекеменің медициналық бөлімінің жұмысы, медициналық ұжымның жұмысқа қабілеттілігі туралы оң пікір білдірді.