Қызылордада сотталғандармен психологиялық тренинг өткізілді
Қызылордада сотталғандармен психологиялық тренинг өткізілді , – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде сотталғандармен тәрбиелік жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
Тәрбиелеу процесінің бір бағыты – мекеменің психологымен сотталғандар арасында әртүрлі тренингтер өткізу. Мекеме психологы Салтанат Кеңес 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай сотталғандар арасында психологиялық тренинг өткізді.
Шара барысында психолог маман сотталғандардың бір-біріне құрмет көрсетуін, мейірімділік, адамгершілік танытуы, ата-аналары мен туған-туыстарына сезімдерін білдіруі тұрғысында дәріс оқыды. Одан соң оларға «Қуыршақ» терапиясын жүргізді. Яғни, сурет салып өз ойларын ішкі жан-дүниесін сурет салу арқылы білдірді.
– Мекемедегі сотталғандар өз ойларын, ішкі жан дүниесін психологтармен, яғни, бізбен сөйлесу арқылы білдіреді. Бұл азаматтармен тренинг өткізу олардың өзіне деген сенімділігін, өмірге деген құштарлығын оятады. Жаза басып, жаңылғандарға сенім беріп, өмірге оң көзқарасын қалыптастыру біздің міндетіміз, – деді психолог Салтанат Кеңес.