Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада сотталғанға тыйым салынған затты жеткізу әрекетінің жолы кесілді

Қызылордада сотталғанға тыйым салынған затты жеткізу әрекетінің жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінің ақпаратына сәйкес, жазасын өтеушіге әкелінген сәлем-сауқатты тексеру барысында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімі мен мекеме қызметкерлері күдікті затты анықтады. Тексеру кезінде маркердің ішіне жасырылған, иісі өткір, жасыл түсті шөп тәріздес зат табылған.

Оқиға орнына жедел тергеу тобы шақыртылып, күмәнді зат тәркіленіп, сот-химиялық сараптамаға жолданды. Сараптама нәтижесінде оның кептірілген марихуана екені белгілі болды.

Аталған дерек бойынша сәлем-сауқат әкелген азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігімен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ҚР ІІМ Ұлттық ұлан мен ҚАЖ мекемесі қызметкерлерінің қырағылығы мен кәсібилігінің арқасында тыйым салынған заттың мекемеге өтуіне жол берілмеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру