Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 169 дерегі анықталды

Қызылорда облысында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 169 фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара табиғат қорғау заңнамасын бұзуды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған.

Полиция қызметкерлері өткізген рейдтік шаралар нәтижесінде 20 күнде облыс көлемінде табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 169 дерегі тіркелді. Оның үшеуі қылмыстық, қалғандары әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылады.

Атап айтқанда жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзудың  76 дерегі,  балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзудың 25 дерегі тіркелді.

Кесуге тыйым салынған сексеуіл бұтасын кескені үшін үш азаматқа қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. 

Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткізу, сақтау, алып жүру, тасымалдау тәртібін бұзғаны үшін  32 әкімшілік хаттама,  азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу бойынша 31 әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік айыппұлдар салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру