Қызылордада тағы бір алаяқ қолға түсті
Қызылордалық полицейлер тағы бір алаяқты қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғандығы жөнінде арызданған. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, танысы ұлының және әкесінің сот шешімімен жүргізу құқынан айырылған жүргізуші куәліктерін қайта рәсімдеп беремін деп жалған мәлімдеумен сенімге кіріп, қаражатын алдап алып кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 100 мың теңге.
Осы оқиғаға байланысты полиция қызметкерлерінен тергеу тобы құрылып, іздестіру жұмыстары басталды. Нәтижесінде осы жайтқа қатысты жергілікті тұрғын ұсталды. Қазіргі таңда полицейлер күдікті ер адамның басқа да оқиғаға қатыстылығын анықтауда.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттерін жүргізуде.