Қызылордада танысының атынан тауарлық несие рәсімдеп алған қыз анықталды
Қызылордада танысының атынан тауарлық несие рәсімдеп алған қыз анықталды , – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 мамыр күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 19 жастағы қала тұрғыны жүгініп, алаяқтық әрекеттің құрбаны болғанын айтқан. Жәбірленуші азаматтың айтуынша, оның танысы 2021 жылдың желтоқсан айында банк арқылы атынан 1,3 млн теңге көлемінде тауарлық несие рәсімдеп алған.
Біраз уақыт өткен соң берешектері көбейіп, банктен хабар келгенде жәбірленуші полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, күдіктелген 20 жастағы азаматша құрықталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.