Қызылордада тәртіп сақшылары бірнеше велосипед ұрлаған қала тұрғынын құрықтады
Қызылорда қаласының полиция қызметкерлері қала аумағынан бірнеше велосипед ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тексеру барысында күдіктінің ұрланған велосипедтерді Тасбөгет кентінің аумағында арзан бағаға сатып, қылмыстық жолмен табылған ақша қаражатын өз қажеттіліктеріне жаратып жүргені анықталды.
Айғақ зат ретінде велосипедтер тәркіленіп, заңды иелеріне қайтарылды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, оның басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.