Қызылордада тәртіп сақшылары колледж студенттерімен кездесті
Қызылордада тәртіп сақшылары колледж студенттерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Заң жағынан сауаттылық таныту – қазіргі заманның басты талабы. Бүгінгі таңда әрбір жас азамат өзінің құқықтары мен міндеттерін жетік біліп, заң үстемдігі идеясын жүзеге асыру қажет.
Қызылорда қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің инспектордары Айнұр Молдаходжаева мен Өркен Жұбанышбаев және Қызылорда қаласы төтенше жағдайлар басқармасының қызметкері Олжас Тұрсынбаев Ақмешіт колледжінің студенттерімен офлайн-режимде кездесу өткізді.
Кездесудің бірден-бір себебі – кәмелетке толмағандар арасында топтық төбелеске және құқық бұзушылыққа жол бермеу, жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт қауіпсіздігін алдын алу жолдары мен сақтық шараларын түсіндірді.
Полиция қызметкерлері әкімшілік және қылмыстық заңнаманың нормалары туралы айтып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікті тағы да еске салып өтті.
Студенттердің назарын кәмелетке толмағандар арасында болған құқық бұзушылықтарға аударды.
Полиция қызметкерлерімен студенттер арасындағы кездесу жоғары дәрежеде өтті. Студенттер тарапынан көптеген сұрақ қойылып, оларға полиция қызметкерлері толыққанды жауап берді.