Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада тәртіп сақшыларының балалары сурет байқауына қатысты

Қызылордада тәртіп сақшыларының балалары сурет байқауына қатысты, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылордада тәртіп сақшыларының балалары сурет салды.

”Мен полиция боламын" және "Менің ата-анам полицей" тақырыптарында ұйымдастырылған сурет байқауы полиция қызметкерлерінің балалары арасында өткізілді. Ерекше шараның мақсаты – балалардың полицейлерге деген құрметін арттыру, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру, полиция қызметкерлерінің ерліктерін насихаттай отырып, патриоттық ұрпақты тәрбиелеу.

Кішкентай суретшілер өздері салып, түрлі түске бояған суреттерінде Отанына, еліне, жеріне, тіліне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімдерін көрсетіп, өз ойларындағы полицей азаматтың кейпін ұсынды.

Іріктеу барысында суретші маман шақырылып, пікірлер тыңдалып, тақырыптық мазмұнға сәйкес келетін балалардың суреттері таңдалды. Шара соңында сайысқа қатысқан барлық балаға жеке құрам қызметкерлері атынан сыйлықтар табыс етілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру