Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада темір есікті ұрлаған қала тұрғыны ұсталды

Қызылордада темір есікті ұрлаған қала тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 14 шілдесінде 34 жастағы қала тұрғыны Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Тасбөгет полиция бөліміне жүгінген болатын. Белгісіз адам Сабалақ саяжайындағы құрылысы толық бітпеген үйдің қоңыр түсті сыртқы темір есігін ұрлап кеткен. Келтірілген шығын 70 мың теңгені құрайды. 

Тергеп-тексеру барысында полиция қызметкерлері күдікті 41 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол өз кінәсін толықтай мойындап, жәбірленушіге мүлкін қайтарды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру