Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада теолог маман пробация есебіндегі адамдармен кездесті

Қызылордада теолог маман пробация есебіндегі адамдармен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арал аудандық ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Жәнібек Өтегенов аудандық пробация есебіндегі сотталғандарды жеке қабылдап, ақпараттық- жұмыстарын өткізді. Кездесу «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында өтті. Кездесуді ұйымдастырудағы мақсат – пробация есебіндегі сотталғандарға жалған діни ағымдарды дәстүрлі діндерден қалай ажыратуға болатындығы жөнінде және деструктивті діни ағымдардың ерекшеліктері туралы дәріс беру.

Іс-шара барысында теолог маман есептегі азаматарға рухани құндылықтарға баса назар аудару керектігін, дін саласына қатысты қандай да бір ақпаратты дін саласында оқыған білікті мамандардан сұрау, діни ақпаратты интернеттен қолданар кезде сақ болу керек деді.

Іс-шараның соңында есептегі азаматтар аталған тақырып бойынша өздерін қызықтырып жүрген сұрақтар қойып, қойған сауалдарына толыққанды жауап алды.

– Бүгінгі теологпен кездесу барысында жеке қабылдауында болып, дәріс тыңдай отыра, көптеген діни сауаттылығымызды кеңейте алдық. Себебі теолог маман өзге діни ағымдардың басты ерекшеліктері туралы ашып түсіндірді. Өте маңызды тақырыптағы дәріс болғандықтан мұқият тыңдап, көптеген мәліметтер алдым, – деді есептегі азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру