Қызылордада тергеу изоляторына тыйым салынған зат өткізбек болған әйел ұсталды
Қызылордада тергеу изоляторына тыйым салынған зат өткізбек болған әйел ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №68 мекемесінде тыйым салынған затты ішке кіргізу әрекетінің жолы кесілді.
Тексеру барысында қамауда отырған азаматтың анасы ұлына жасырын түрде насыбай жеткізбек болғаны анықталды. Белгілі болғандай, ол тыйым салынған затты төстартқышына жасырып алып келген. Ұлы қазіргі уақытта тергеу изоляторында қамауда отыр.
Аталған зат бақылау-өткізу пунктінде орнатылған рентген аппаратының көмегімен табылды. Оқиға бойынша азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы 1-бөлігіне сәйкес іс-құжаттар рәсімделіп, сотқа жолданды.