Қызылордада тергеу мекемесінің қызметкерлері бүлдіршіндерді қуантты
Қызылордада тергеу мекемесінің қызметкерлері бүлдіршіндерді қуантты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 тергеу мекемесінің ұжымы екі бірдей көпбалалы отбасының балаларын қуанышқа бөледі. Мекеменің тәрбие және кадр тобының аға инспекторы Динара Шахи көпбалалы отбасылардың үйіне барып, балаларды жаңа оқу жылымен құттықтап, сәттілік тіледі.
Солардың бірі алты баланың анасының үйіне барып, үшінші сыныпқа аяқ басқан балақайға мектепке қажетті құрал-жабдықтары салынған сөмкені сыға тартты. Сондай-ақ мекеме ұжымы мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршінге барды. Мектепке қажетті құралдармен толық қамтамасыз етіп, бірінші сынып оқушысын ерекше қуанышқа бөледі.