Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада түйе ұрлаған күдікті анықталды 

Қызылордада түйе ұрлаған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 шілде күні сағат 12:50 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын мал қорасынан екі бас түйесінің ұрланғаны жөнінде хабарлама берген.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп, тексеру барысында белгісіз біреу мал қора ішінен екі бас түйені ұрлап, бір миллион 800 мың теңге көлемінде шығын келтіргені анықталған.

Жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары барысында күдікті ауданның тұрғыны анықталып, ұсталды. Белгілі болғандай, ол ұрланған түйелерді ауылдан шалғай далалық жерде ұстаған.
Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 3-бөлігі бойынша (Тұрғын үй-жайға заңсыз кiрумен жасалған мал ұрлығы) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру