Қызылордада түнде көше кезіп жүрген 10 жасөспірім анықталды
Қызылордада түнде көше кезіп жүрген 10 жасөспірім анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу, түнгі уақытта жасөспірімдердің ойын-сауық мекемелерінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз және тұрғынжайдан тыс жерлерде болған жасөспірімдерді анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар күнделікті ұйымдастырылуда.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде түнгі мезгілде ата-анасының еріп жүруінсіз мекенжайдан тыс жерде жүрген кәмелетке толмаған 10 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарына Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабының 2 бөлігімен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде дейін болуы) ескерту берілді.
– Іс-шараның мақсаты – түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс және ойын-сауық орындарда болу жайттарын анықтау және жолын кесу. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардан заңсыз сақталатын заттарды тәркілеу болып табылады, – дейді ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы Алмас Молдашұлы.