Қызылордада тұрғын үйге ұрлыққа түскен күдікті анықталды
Қызылордада тұрғын үйге ұрлыққа түскен күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс көлемінде өткізілген “Пәтер” жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесінде бұрын жасалған пәтер ұрлықтарының 12 дерегі ашылып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Мәселен, Қызылорда қалалық ПБ-ға қала тұрғынынан арыз түскен. Белгісіз біреу пластик терезесін күштеп ашып заңсыз кіріп, үй ішінен алтын бұйымдары, құндыз тоны және 300 мың теңге ақшасын қолды еткен. Келтірілген шығын 1 280 000 теңгені құрады.
Жүргізілген жедел жұмыстар нәтижесінде жедел уәкілдер бұрын сотты болған 37 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Күдікті басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.