Қызылордада тұрғынды алдап кеткен түркістандық алаяқ ұсталды
Қызылордада тұрғынды алдап кеткен түркістандық алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласының Полиция басқармасына 30 қыркүйек күні бір әйел кісі тамыз айында жергілікті тұрғынның сеніміне кіріп, тауарлы несиені ақшалай несие түрінде шығарып беремін деп 800 мың тенге ақшасын алдап алғаны жөнінде арыз түскен.
Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде арызда көрсетілген мәліметтер бойынша күдікті ретінде 43 жастағы Түркістан облысының азаматшасы анықталып, ұсталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.