Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада тұрғынның ауласынан жылқы ұрлаған екеу ұсталды

Қызылордада тұрғынның ауласынан жылқы ұрлаған екеу ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Тасбөгет полиция бөліміне 79 жастағы қала тұрғыны ұрлық әрекетінің құрбаны болғанын айтып, арызданған. Анықталғандай, ұрылар қоршалған үй ауласындағы мал қорасынан байлаулы тұрған екі бас жылқысын ұрлап кеткен.

Жәбірленушіге 1,5 млн теңгеге жуық материалдық шығын келтірілген. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, облыстың екі тұрғыны анықталып, ұсталды.

Тексеру барысында күдіктілердің басқа да ұрлық қылмыстарына қатыстылығы анықталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-1 бабының 1-бөлігі 3-тармағы (Ұрлық) және осы баптың 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру