Қызылордада тұрғынның телефонын қоңырау соғу үшін сұрап, қашып кеткен азамат ұсталды
Қызылордада тұрғынның телефонын қоңырау соғу үшін сұрап, қашып кеткен азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығының «102» арнасына 61 жастағы облыс тұрғыны хабарлама берген.
Белгілі болғандай, 16 қыркүйек күні сағат 21:09 шамасында Сүлейменов көшесінің бойында жанына бейтаныс азамат барып, қоңырау шалу үшін Samsung ұялы телефонын сұрап алып, оқиға орнынан қашып кеткен.
Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы патурльдік полиция бекеттеріне бағыт-бағдар беріліп күдіктінің Honda автокөлігімен жүргені анықталып, «ізін суытпай» 33 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ұялы телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабының 1 – бөлігімен (Тонау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.