Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада “Тұрмыс” іс-шарасының бір күнінде 69 дерек анықталды

Қызылордада “Тұрмыс” жедел-профилактикалық іс-шарасының бір күнінде 69 дерек анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қаңтардан бастап республика көлемінде “Тұрмыс” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.

Өткен тәулікте аталған қатынастар саласында 30 тәулікке 30 құқық бұзушыға қатысты қорғау нұсқамалары шығарылып, полицияның профилактикалық есебіне алынса, жеті адамның мінез-құлқына сотпен ерекше талаптар орнатылып, оның ішінде бес адамға алкоголь өнімдерін пайдалануға тыйым салынды.

Мысалы, Қазалы ауданының тұрғыны отбасында жанжал шығарғаны үшін кінәлі болып танылып, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушыл туралы кодексінің 54-бабының 1-бөлігі 2 және 4-тармақтарына сәйкес үш айдан бір жылға дейін алкогольдік ішімдік ішуге, атыс қаруын және қарудың басқа да түрлерін, оның ішінде пышақ қаруын сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға тыйым салынды.

Тұрмыстық салада жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтын 69 дерегі анықталып, заң талаптарына сәйкес шешімдер қабылданса, жәбірленуші мен құқық бұзушы ымыраға келуіне байланысты сегіз хабарлама бойынша тексеру жұмыстары тоқтатылды.

Полицияның профилактикалық және тізімдік есебінде тұрғандардың 211-і оның ішінде жанұя жанжалын шығаруға бейім тұлғалардың 52-і тұрғылықты мекенжайларынан тексерілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру